Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлихан Смайылов Премьер-министр қызметін сақтап қалды

Әлихан Смайылов Премьер-министр қызметін сақтап қалды

Әлихан Смайылов Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Amanat партиясы ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бүгін Мәжіліс депутаттарының көпшілігі қолдады.
"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Еске салайық, Әлихан Смайылов 2022 жылы қаңтарда Премьер-министр қызметіне тағайындалған болатын.
Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған еді. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

tengrinews.kz
30 наурыз 2023 ж. 345 0