Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне ұсыныс-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Өз кезегінде қала тұрғыны Мейрамбек Ихласов Бақтыбай батыр көшесі бойынан аквапарк құрылысы үшін жер сұрады. Бүгінде бизнес жоспар әзірлену үстінде. Нысан іске қосылғанда аудан халқы үшін қызмет көрсететін үлкен орталыққа айналмақ. Кәсіпкер мемлекеттік қайтарымсыз грант алуға жұмыс жасауда.
Өз кезегінде аудан әкімі Серік Сағитжанұлы аудандық ауыл шаруашылығы және жер бөлімі мен қала әкімдігіне тұрғын талабына сай қажетті жер бөліну үшін заңдылығына сай көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ бизнес идеясын сүйемелдеу мен жеңілдетілген несие алу үшін аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесе жұмыс жасауды жүктеді.
Ал Хамит Утеулиев Бегім ана көшесіне асфальт жолын салу бойынша тұрғындар өтінішін жеткізді.
Аудан әкімі аталған көшенің жоспарда тұрғандығын, жол құрылыстары басталғанша демеуші есебінен тегістеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.
31 наурыз 2023 ж. 253 0