«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті

«AMANAT» – Мемлекет басшысының басты қоғамдық тірегі. Осыған орай біздер барлық ресурстарымызды елді дамытуға, Президент бастамаларын жүзеге асыруға толық қолдау көрсетуге жұмсауымыз керек. Екіншіден, сайлау алдында халыққа берген уәдеміз бар. Оны да орындауға міндеттіміз. Осыған орай облыстық бағдарламаны іске асырудың Жол картасының әр тармағына жауапты депутат бекітілуде. Бұл жұмысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері белсенді қатысуы керек,- деді облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов.
Партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партия филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасының жобасындағы басып бағыттарды атап өтіп, әрбір шараның іске асыру уақыты мен жауапты орындаушысы және жетекшілік ететін фракция мүшелерін таныстырып өтті. Жол карта 5 басым бағыттан және 102 іс-шарадан тұрады.
Жиында сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес, мәслихат депутатының өкілеттігі және оның жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлі төңірегінде партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов хабарлама жасап, фракция мүшелеріне партияның этика Кодексінің талаптары, «AMANAT» партиясы Жарғысы мен Саяси Тұғырнамасында көзделген талаптармен таныстырды.
kyzylorda-news.kz