Құрметті зейнет демалысына шықты
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Арал аудандық әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Мұрат Жанғазыұлын әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Мұрат Жанаев еңбек жолын 1977 жылы бастаған. 32 жыл бойы әлеуметтік салада мінсіз қызмет атқарса, 25 жылдан астам уақыт аралығында аудандық әлеуметтік төлемдер бөлімін басқарды.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Мұрат Жанғазыұлын құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік саладағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. Одан соң ауданның Құрмет грамотасымен марапаттап, қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Өз кезегінде Мұрат Жанғазыұлы аудан әкіміне және бірге қызмет атқарған әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі