Ертең Парламент Сенатының отырысы өтеді
11 мамырда сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отырыс барысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланады.