Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы бір ауылда 25 жұп егіз тұрады

Қызылордадағы бір ауылда 25 жұп егіз тұрады

"Егіздер ауылы". Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Үрмәш Түктібаев ауылын ел осылай атайды. Оған себеп те жоқ емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыр атындағы ауылда 25 жұп егіз бар. Олардың алды елу жасты еңсерген болса, ең кішкентайы екіден енді асты. Мұнда 300-дей отбасы түтін түтетіп отыр. Демографиялық дүмпу негізінен тәуелсіздік алған жылдары басталған. 2000 жылдары егіздер көптеп дүниеге келген.
Солардың бірі Айдана мен Айбек бүгінде 10 сыныпта оқып жүр.

"Шаңырақ көтергелі ширек ғасырдан асты. Жолдасым екеуміз мектепте ұстаздық қызметтеміз. Алла шүкір, 6 баланың ата-анасымыз. Егіздер - әртүрлі спорттық жарыс жеңімпазы. Екеуінің мінезі ұқсамайды, Айдана ұл сияқты, Айбек керісінше. Бір-біріне қамқор, бауырмал, бір-бірін іздеп тұрады", - дейді егіздердің анасы Закира Әбдірова.

Ал Қуаныш Алтынбаев пен Әйгерім Махамбетжанованың шаңырағында үш жыл бұрын үшемнің үні естілді. Оларға Айғаным, Айғанат, Асылым деген ат қойды. Ерлі-зайыптылардың мұның алдында бес баласы бар.
Жалпы, әлемде 70-80 млн.-ға жуық адамның сыңары болады екен. Олардың түр-тұлғасы, бет-әлпеті қатты ұқсағанымен саусақ бедері мүлдем бөлек.
21 мамыр 2023 ж. 258 0