Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін аймағымызда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бүгін аймағымызда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бүгін аймағымызда ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Аталған науқан Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы ҰБТ өткізу пунктінде 22 мамырдан 5 шілдеге дейін жалғасады.

Бүгінде аймақтағы 8 210 мектеп бітіруші түлектің 7 421-і тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бүгінгі алғашқы тестілеу күнінде 286 түлек он бір жылғы білімін тезге салып, бақтарын сынайтын болады.

Облыс көлемінде 3 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Айта кететін жайт, оқушылардың ҰБТ өтетін тестілеу пунктіне баруы мен қайтуы, жол шығыны және қауіпсіздігіне ата-аналары немесе оларды алмастыратын заңды өкілдері тікелей жауапты болады, – деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушысы Қарлығаш Әнуарова.

Айта кетейік, бұл тестілеу білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биыл талапкер грантқа түсу үшін екі рет тестілеуге кіріп, жақсы нәтижесімен конкурсқа қатыса алады. Ерекше мүмкіндік балалар мен ата-аналардың сынаққа бойы үйренуі үшін берілген.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

syrboyi.kz
22 мамыр 2023 ж. 278 0