Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің 1 маусым – Балалар күні мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің 1 маусым – Балалар күні мерекесімен құттықтауы

Қымбатты балалар!
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді балғын бүлдіршіндеріміздің көңілді мерекесі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бала бақытын бағына балаған ата–ана үшін бұл күннің маңызы да мағынасы да терең.
«Барым балам үшін» - деген ұстаныммен, көзіміздің қарашығындай бүлдіршіндердің болашағын баянды ету, перзенттеріміздің ертеңі үшін еңбек ету бұл барша адамзатқа ортақ парасатты парыз деп білемін.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - деген халқымыз, бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Бүгінгі күні біздің алдымызда тұрған зор міндет – білім беру сапасын арттыру, бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Осы бағытта өңірімізде жеткіншектердің сапалы білім алуына, шығармашылықтарының шыңдалуына барлық жағдай жасалуда.
Түрлі білім бәсекелері мен пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен спорттық сайыстарда өз жеңістерімен қуантып жүрген жас өрендеріміз де аз емес.
Балаларымыздың жетістіктері, олардың жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүргендері - біз үшін үлкен мақтаныш.
Қымбатты балалар!
Біз үшін, бұл өмірде Сіздердің балғын жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыласымен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ.
Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарыңыз Отанның адал азаматы болуға жетелесін.
Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар!
Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Серік Сермағамбетов
01 маусым 2023 ж. 375 0