Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолында Алла сөзіне ұқсас жазуы бар тұрғын қайда тұрады?

Қолында Алла сөзіне ұқсас жазуы бар тұрғын қайда тұрады?

Гүлдана Бекежанқызын көпшілік “Алақанында шипа бар ару” деп атап кеткен. Бұл туралы Замана басылымы жазады.
Талай адамға ерекше қасиетінің арқасында көмегін тигізіп жүрген Гүлдана Бекежанқыз қолында Алла жазуына ұқсас сөз анда-санда пайда болатыны рас екенін айтады. Алайда ол жайшылықта көрінбейді екен. Бүгінде ол Шымкент қаласында тұрады.
Мәселен мазасы қашып, дене дел-сал болғанда, еңсесі түсіп, сірке су көтермейтін кездері таныс-туыстары дереу Гүлдананы іздейді екен. Өйткені оның қолында ерекше бір жылу бар. Сол жылу бойға дарығаннан жағымсыз қуаттан арылып, жаны жадырап қоя береді.
Шаншулатып ауырған адам да Гүлдананың шипалы қолынан кейін жазылып кететін көрінеді. Әлгі жазу осындай ауырған адамға ем жасаған кезде пайда болады екен.
“Массаж кезінде біреудің сегізкөзі, енді біреудің жауырын тұсына барғанда қолымды қозғалта алмай, сол жерде біраз тұрып қаламын. Кейін білдім ғой, келушінің тап сол жері мазалап тұрады екен. Алақандағы қызу сол жерге көбірек жіберіледі. (…) Ол адамға ем жүре бастағанда сол қолымның жұдырық тұсындағы тамырлар білеуле­ніп, Алла деген жазуға ұқсап кетеді.

Уақыт өте тамырлар қайтадан қалпына келеді. Массажға бала кезден құмармын дегенмен, бұл жазудың нақты қа­шаннан пайда болғанын біл­меймін. Оны кезекті бір ем кезінде кездейсоқ аңғардық. Әзірге мұның сырын білмеймін” , – дейді Гүлдана Бекежанқызы.
qazbrand.info

04 ақпан 2019 ж. 1 122 0