Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылды белгісіз індет жайлады: ОҚО тұрғындары дертке шипа таба алмай жүр (фото)

Ауылды белгісіз індет жайлады: ОҚО тұрғындары дертке шипа таба алмай жүр (фото)

 
Фото: NUR.KZ
Арыс ауданындағы Аққала ауылының тұрғыны өткен жылдың қарашасынан бастап бет-аузындағы жарасынан айыға алмай жүр. Жасы 80-ге таяған Теңгегул әжеге әр дәрігер әртүрлі диагноз қоятын көрінеді. Ал оның неден пайда болғаны мен қалай емделетінін ешбірі білмейді екен.
Науқастың немересі берген мәліметтерге сүйенсек, зейнеткер осындай дертке шалдыққан ауылдағы жалғыз адам емес. Одан бөлек, бірнеше тұрғын осы бір белгісіз індеттің құрбаны болған.
"Ауылымызда бірнеше адамға осындай жара шығып кеткен. Мамандар оның емін таба алмай отыр. Кімнен көмек сұрап, не істерімізді білмейміз. Мүмкін экология әсер етіп жатқан шығар.
Науқастар саны бұдан да көбейіп кете ме деп қорқып отырмыз. Билік өкілдері тексеріс жүргізіп, бұл мәселені шешуге көмектессе деген тілегіміз бар", - дейді әжесін ойлап шырылдаған азамат.
Фото: NUR.KZ
Оның айтуынша, әжесінің бетіне шыққан жара қышып, кейде ауыртып, мазасын алады екен. Егер ұқсас дертке шалдығып, емін тапқан адамдар болса, өз кеңестерін берсе деген тілегін жеткізді.
nur.kz
16 сәуір 2018 ж. 2 823 0