Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Есірткісіз болашақ»: Үздік журналистер марапатталды

«Есірткісіз болашақ»: Үздік журналистер марапатталды

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық шеңберінде, сондай - ақ облыс тұрғындары арасында есірткіге қарсы насихат жүргізу және полицейлердің имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан тілшілер арасында «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты - нашақорлық пен есірткі қылмысының өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары және нашақорлық саласындағы маңызды іс-шаралар туралы халықты хабардар ету, есірткі қылмысының өзекті мәселелері бойынша материалдар жариялайтын журналистерді қолдау .

Жарысқа қатысушылар техниканың заманауи жетістіктерін қолдана отырып, өз ойларын нақты фактілермен нығайта отырып, айқын және дәлелді жеткізе алды. Тілшілер нашақорлық пен есірткі қылмысы проблемасын жариялай отырып, халықты, өскелең ұрпақты есірткісіз өмір туралы хабардар етуге өз үлестерін қосты.

Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бөлінді, барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Үздік атанғандар қатарында «Заң» ақпарат порталының меншікті тілшісі Мақажан Гүлбану Хусанқызы, «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі Маханова Динара Жақсыбайқызы, «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі Аида Маратбекқызы, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Олжабаева Ақмарал Кәдірханқызы, «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Кенжеғұлова Мөлдір Сабыржанқызы, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ералы Аружан Мырзалықызы бар.

kyzylorda-news.kz
22 маусым 2023 ж. 216 0