30 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Бұл туралы ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.