Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Qazaqstan» телеарнасының жаңа директоры тағайындалды

«Qazaqstan» телеарнасының жаңа директоры тағайындалды

Журналист, тележүргізуші Саламат Омаш «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін «Qazaqstan» арнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары болған, деп хабарлады turkystan.kz qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Кейінгі бір жылда «Qazaqstan» арнасын басқарған Болат Мүрсәлім «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы қызметіне ауысты.

Сондай-ақ Еркін Мұхамеджанов «Abai tv» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ашылған уақытынан бері «Abai tv» телеарнасын басқарып келген журналист, медиаменеджер Азамат Кеңесұлы Корпорациядағы қызметін Басқарма төрайымының орынбасары ретінде жалғастырады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы кейінгі жылдары кадрлық ауыс-түйістерді тұрақты түрде ротациялық тәсілмен жүргізіп келеді. Біздің басты ұстанымымыз – жаңа буын жетекшілерді іштен өсіріп, тәрбиелеу, білікті жастардың тек журналист ретінде ғана емес, медиаменеджерлер ретінде де қалыптасуына жағдай жасау», – деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
26 шілде 2023 ж. 91 0