Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды

«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды

Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір ауда­нында дүниеге келген. Әл-Фара­би атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің журналистика фа­куль­тетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылдан, яғни V курстан бастап «Egemen Qazaqstan» жалпы­ұлттық республикалық газе­тінде жұмыс істеп бастаған. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағында тілші, аға тілші, шолушы, бөлім мең­герушісі, одан әрі бас редактордың орынбасары қыз­меттерін атқарды.
Бұған дейін «Нұр Астана» рес­пуб­ликалық жастар апталығының бас редакторы қызметінде болған. «Дарын» мемле­кеттік жас­тар сыйлығының иегері Ғабит Іскендерұлының «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицис­ти­ка­лық шығармалар жинағы жарық көрген.
Айта кетейік, бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор қызметін атқарып келген Айбын Шағалақ «Egemen Qazaqstan» РГ АҚ Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
egemen.kz
18 қаңтар 2021 ж. 529 0