Қызылорда облыстық қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

Елена Шаврова 1971 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы облыстық қаржы басқармасының экономисі ретінде бастаған. 1994-2013 жылдары осы басқармада жетекші және бас экономист, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, бөлім басшысы болды.
2013 жылдан осы кезге дейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.