Қызылордалық жас тілші «Егеменнің» жүлдесін еншіледі

Конкурсқа қатысқан жас тілшілердің арасында әріптесіміз, «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Ерасыл Шәрібек жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Ерасыл Шәрібек «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихына үңіліп, онда қызмет еткен Қалқаман Әбдіқадыровтың қалай жұмысқа тұрғанын, Ұзақ Бағаевтың азаматтық ұстанымы туралы қызықты деректер жинақтап «Өткеннің өнегесі өшпейді» тақырыбындағы мақаласы үшін марапатталды. Жас тілшіге 300 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз.