Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде қызыл мия өндірісі қайта жанданды

Сыр өңірінде қызыл мия өндірісі қайта жанданды

Қызыл мия өндірісі орнын қайта іске қосу жұмыстары мамыр айынан бастау алды.Сыр өңірінде қызыл мия өндірісі қайта жанданды

Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданында ұзақ жылдар бойына жұмысы тұралап тұрған қызыл мия тамырын өңдеу зауыты қайта іске қосылды. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімі Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жыл басынан аудан бойынша 1 млрд 494,2 млн теңгені құрайтын 76 жоба қаржыландырылып, 110 адам жұмыспен қамтылған. Соның ішінде қызыл мия өндірісі орнын қайта іске қосу жұмыстары мамыр айынан бастау алды.
«Биылдан бастап ұзақ уақыт тұралап тұрған қызыл мия тамырын өңдеу зауыты қайта іске қосылды. Бүгінде «Бис-Групп» ЖШС-ға қарасты өндіріс орны жанданып, 31 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бұған қоса Жалағаш кентінен жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын типтік жобадағы 120 орындық «Жеті қазына» жеке балабақшасы пайдалануға берілсе, құны 100 млн теңге болатын күріш ақтау және жем өндіру зауыты іске қосылды. Сол сияқты биыл өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 1 млрд 30 млн теңгені құрайтын екі жоба іске асырылатын болады», – деп түсіндірді бұл жайында аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы.
Аудан әкімінің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда өндірілетін өнім түрлерін көбейту мақсатында зауытқа кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Соның негізінде қосымша 30 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жалпы ауданның қай саласында да ілгерілеушілік бар. Алдағы уақытта еншісінде атқарылатын жұмыстардың ауқымдылығы байқалады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ
Қызылорда облысы
03 тамыз 2023 ж. 160 0