Қызылорда облысында 4 973 талапкер грант иегері атанды

Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, 1 770 талапкерлер педагогика саласына гратқа түссе, медицина мамандығына 491, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға 1 765 оқушы грант иегері атанған.
Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» белгісін алған түлектердің 205-і яғни 43,2 %-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданып отыр.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
syrboyi.kz