Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында ауыл әкімінің сайлауы басталды

Қызылорда облысында ауыл әкімінің сайлауы басталды

Бүгін Қызылорда облысындағы Мәдениет ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті тұрғындар ауылдық округ әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп жатыр.

Саяси шара бүгін таңғы сағат 07.00-де №144 сайлау учаскесі ашылып, алғашқы келген сайлаушыларға сыйлық берілген.

Отбасымызбен бірге сайлауға қатысып, ауыл әкіміне кандидат болған азаматқа дауыс бердік. Сайланатын әкім ауылымыздың келешегі үшін барлық игілікті істер жасайды деп сенеміз. Әрбір тұрғын ауылдың жаңарып, науан келбетінің жарқырағанын қалайды, - деді ауыл тұрғыны Ерлан Жанаев.

Ауылдық округінің әкіміне 4 азамат үміткер болды. Оның барлығы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен науқанға қатысуда.

Айта кетсек, Мәдениет округінде 1102 сайлаушы тіркелген.

Еске салайық, жыл басынан бері Қызылорда өңірінде 16 ауылдың әкімі сайланған. Алдағы уақытта облыс бойынша тағы 9 ауыл әкімінің сайлауы өтеді.
14 тамыз 2023 ж. 173 0