Денсаулық министрі жаңа штамм туралы айтты

Дүниежүзінде коронавирустың омикрон түрінің Eris штамы анықталды. Зерттеу жұмыстарынының нәтижесіне қарасақ, елімізде бұл штамм жоқ. Қытай, Америка және Еуропа елдерінде бұл штамның бар екені дәлелденді. Жаңа штам омикрон белгілеріне ұқсас. Дегенмен онымен ауырған адамда ауру жеңіл өтеді, көбіне тұмау ауруы сияқты өтіп жатыр, - деген мәлімет берді министр.