Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық ардагерлердің тағы бір легі Түркістанға саяхатқа аттанды

Аралдық ардагерлердің тағы бір легі Түркістанға саяхатқа аттанды

Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін аралдық ардагерлердің тағы бір легі күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті де киелі мекен – Түркістан өлкесіне сапарға аттанды.
Сапарға ауданға қарасты қала, кент, және ауылдық округтердегі еңбек ардагерлері мен түрлі салада қызмет еткен зейнеткерлер бар.
Саяхат аясында ардагерлер алдымен «Қорқыт Ата» кешеніне аялдаса, одан әрі «Қожа Ахмет Яссауи», «Арыстанбаб» кесенелерін зиярат ететін болады. Сондай-ақ саяхат барысында Түркістан жеріндегі басқа да тарихи, көрнекті, киелі орындар қамтылады.
Аудан әкімінің орынбасары Кете-Төлеби Бержанов ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, оларға жақсы көңіл-күй мен сәт-сапар тілеп шығарып салды.
«Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей қарттарын ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болмақ. Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
"Толқын" ақпарат
29 тамыз 2023 ж. 82 0