Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент туризм саласындағы атқарылмай жатқан жұмыстарды сынға алды

Президент туризм саласындағы атқарылмай жатқан жұмыстарды сынға алды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласының кемшін тұстарын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді.

Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн», – деді Мемлекет басшысы.
01 қыркүйек 2023 ж. 120 0