Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі «GEPETTO» мұнай компаниясының өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі «GEPETTO» мұнай компаниясының өкілдерімен кездесті

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Gepetto» компаниясының басшысы Цзэн Биньмен кездесіп, Сыр өңірінде мұнай өндіру перспективаларын талқылады.
Кездесуде суланған және сарқылған ұңғымаларда мұнай өндіру көлемін 20 пайызға дейін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу мәселелері, компанияның аймақтағы қызметі пысықталды.
Облыс әкімі өңірде өндіріске инновациялық технологияларды пайдалануға қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.
Өз кезегінде «Gepetto» компаниясының басшысы жоғары технологиялық әдістер арқылы Оңтүстік Торғай бассейнінің сарқылған кен орындарында мұнай өндіру көлемін ұлғайтуды көздейтінін айтты. Айта кетейік, компания Сыр өңірінде мұнай және газ кен орындарында қолданылатын химиялық реагенттер зауытын салуды жоспарлауда. Ортақ жобаларды іске асырудың алғашқы кезеңінде өңірде 100-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Еске салсақ, «Gepetto» мұнай технологиялары корпорациясы» АҚ – мұнай және газ кен орындарының дебитін ұлғайту технологияларын әзірлеуге маманданған кәсіпорын. Қытайда мұнай мен газ өндіруге технологиялық қызмет көрсететін ең тиімді компания саналады. Сондай-ақ, жоғары бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленетін мемлекеттік деңгейдегі жоғары технологиялық кәсіпорын. Жақында «Gepetto» компаниясының өкілдігі Қызылорда қаласында ашылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
07 қыркүйек 2023 ж. 139 0