Қазақстан тәулігіне қанша мұнай өндіреді?

Қанат Бозымбаев бастаған отандық делегация қара алтын өндіру көлемін тәулігіне 1 млн 860 мың баррельге дейін жеткізбек. Ал жыл басынан елдегі орташа тәуліктік өндіру көлемі 1 миллион 790 мың баррельді құраған болатын. Осылайша Қазақстан ОПЕК алдындағы өндіру мөлшерін тәулігіне 70 мың баррельге қысқартып, өз міндеттемелерін асыра орындаған. Сондай-ақ отырыс барысында қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған ортақ іс-шараларды талқылады. Қазақстан ОПЕК елдерімен және ОПЕК-ке мүше емес мемлекеттермен әлемдік мұнай нарығын оңтайландыруға және мұнай индустриясы инвесторларының сенімділігін қалпына келтіру бойынша ынтымақтастық жүргізуде. Сондай-ақ, әлемдік мұнай бағасы түсіп жатқанын да айта кету керек. Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша, мұнай бағасы едәуір түсті. Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 2 доллар 4 центке түсіп, баррелі 62 доллар 82 цент болды. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 2 доллар 84 центке арзандап, бір баррелі 56 доллар 25 центке теңесті. Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 381 теңге 95 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 382-383 теңгеге сатып алуға болады.
https://kaz.tengrinews.kz