Өрт қауіпсіздігі басты назарда

- Департаменттің жоғары тәуекел дәрежесіне 996 білім беру ұйымының объектісі есепке алынды. Оның ішінде 2023 жылдың 1-жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау және қадағалау кестесіне сәйкес 195 объектіге өрт қауіпсіздігі саласында тексеру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 1 709 бұзушылық анықталды. Бақылау барысында 33 бұзушылық жойылмағаны анықталды, осыған сәйкес 11 заңды тұлғаға айыппұл салынды, - деді Асхат Плалұлы.
Білім беру объектілеріндегі өзекті мәселенің бірі - бу қазандықтарының оқыту ғимарттарының ішінде немесе жапсарлас орналасауы. Қазіргі таңда, облыс бойынша мұндай 12 объекті есепке алынған. Бұл мәселені осы жылдың тамыз айында өткен комиссия отырысында көтерілді.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі