Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметте халықтың тұрмысын жақсарту мәселесі қаралды

Үкіметте халықтың тұрмысын жақсарту мәселесі қаралды

Қаржы министрі 2019 жылға әлеуметтік салаға 4,8 триллион теңге бөлінетінін мәлімдеді
Бүгін Үкімет үйінде ел азаматтарының табысын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту мәселесі қаралды. Отырысқа ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалық етті.
Атап айтқанда, еліміздің өңірлерінде көп балалы отбасылармен кездесулер және аулаларды аралау барысында жұртшылықтан түскен нақты ұсыныстар талқыланды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.
Жұмыстың негізгі бағыттары ретінде мыналар анықталды:
бюрократиялық рәсімдерді оңайлату арқылы атаулы әлеуметтік көмек алуды жеңілдету;
мемлекеттің қолдауына мұқтаж көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу тетігін жетілдіру;
жергілікті атқарушы органдар жекелей көп балалы отбасыдан шыққан балаларды бастауыш сыныпта тегін ыстық тамақпен, қоғамдық көлікте жол жүру билетімен қамтуды және т.б. кеңейту мәселесін қарастырады;
аса мұқтаж көп балалы отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту тұрғысынан муниципалды арендалық тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мүмкіндігі жекелей қарастырылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова еліміздің барлық өңірінде оперативтік штабтар құрылғанын айтты. Халықпен және бастамашы топтармен кездесулер өткізіліп жатыр, сонымен қатар балалы отбасылардың тұрғын үй-тұрмыс жағдайын тексеру мақсатында аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде.Ал қаржы министрі Ә. Смайылов республикалық бюджеттен 2019 жылға әлеуметтік салаға 4,8 триллион теңге бөлінетінін мәлімдеді, бұл бюджеттің барлық шығынының 45% құрайды.  
Жұмыс тобының келесі отырысы 21 ақпанда өткізілмек.
sputniknews.kz
14 ақпан 2019 ж. 851 0