Көктем ауылы таза ауыз суға қосылады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов ауыл халқымен кездесіп, осы айдың соңына дейін таза ауыз судың қосылатындығын жеткізді. Аудан басшысы мердігер мекемеге сыртқы қоршау және су айдау құрылығыларын тез арада орнатуды, абаттандыру мен тағы басқа жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.
Мұнан соң аудан әкімі №227 негізгі мектебінде болып білім ұясының жылыту маусымына дайындық барысын бағамдады. Сондай-ақ ауыл әкімі мен жауапты бөлімге қысқы маусымға байланысты көмір және отын қорын ертерек, жеткілікті көлемде әзірлеу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі