Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балықшылар слетінде "Арал ауданының құрметті азаматы" атағы табысталды

Балықшылар слетінде "Арал ауданының құрметті азаматы" атағы табысталды

Күні кеше «Арал өңірі балықшыларының VII слеті» салтанатты жиыны аясында экономикалық және әлеуметтік өміріне белсене араласып, өңірдің өсіп өркендеуіне, балық шаруашылығының қарқынды дамуына қосқан үлесі үшін Арал аудандық мәслихатының шешімімен Батимова Ақшабаққа «Арал ауданының құрметті азаматы» атағы беріледі.
Ақшабақ Батимова 1956 жылы Мергенсай елді мекенінде дүниеге келген.
1980 жылы Астрахань қаласындағы РыбВТУЗ-да «Балық өнімінің технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылы «Каттегаттан Арал теңізіне дейін» Халықаралық балықшылар жобасы негізінде тәжірибе алмасуға Дания еліне барып, сол жылы Даниялық балықшылармен бірге Тастүбек елді мекенінде «Камбала» балығын аулауға және оны өңдеуге атсалысқан.
1998 жылы «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігін құрып, Даниядағы «Тірі теңіз» балықшылар қоғамымен байланыс орнатып «Каттегаттан Арал теңізіне дейін» жобасы негізінде Арал балықшыларына көптеген қаржылай және балық аулау үшін қажетті құралдарын, балық жинайтын тоңазытқыш контейнерлер алуына үлесін қосқан.
Балық кәсіпшілігін дамытудағы оң нәтижелері үшін ҚР бірінші Президентінің қабылдауында болған.
Алғаш еңбек жолын 1980 «Аралрыбпром» өңдірістік бөлімшесінде бастаған. Әр жылдары «Қызмет» АҚ-ның лаборатория меңгерушісі, «Категаттан Арал теңізіне дейін» Даниялық жобасының ұйымдастырушысы, «Камбала-Балық» ЖШС-ның директоры, «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС атқарушы директоры, «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС-ның директоры, директор орынбасары, «Карашалаң» Сервистік дайындау орталығы ЖШС-нің бас технологы қызметтерін атқарған. 2020 жылдан «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің «Жас Арал толқыны» жобасы бойынша Арал, Қазалы өңірінің балық өңдеушілеріне «Балық өңдеу технологиясы» бойынша дәріс беріп келеді.
1999 - 2006 жылдары «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі президентінің орынбасары, қоғамдық бірлестіктің президенті, 2001 - 2004 жылдары «Арал әйелдер» қоғамдық бірлестігінің президенті болған.
Балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері үшін «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін», ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
22 қыркүйек 2023 ж. 277 0