Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындармен кездесті

Аудан әкімі тұрғындармен кездесті

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Арал қаласындағы №4-ші мөлтек аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы жыл көлемінде атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
«Құрылыс саласында 4,2 млрд теңгенің жұмыстары жүргізіліп, 3,2 есеге артық орындалды. 2022 жылдан өтпелі негізде 6 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасын тапса, жаңадан 6 жоба 2023 жылы қолдау тапты. Арал қаласынан 2008-2011 жылдар аралығында жер кезегінде тұрған 7249 тұрғынның 1191-не және Жақсықылыш кентінен 311 тұрғынға жер телімі табысталатын болады. Аталғандардан басқа, «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасының аясында республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 100 пәтер сатып алуға (РБ) 960 млн. тг. қаржы бөлініп, 100 пәтерлі 50 үйдің құрылысы жүргізілуде» – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ №4 мөлтек ауданды көгілдір отынмен қамту мәселесіне де ерекше тоқталды.
«Қазіргі таңда №4 мөлтек ауданды газбен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарының мердігерін анықтап, жұмысын бастауға ағымдағы жылға облыстық бюджеттен 5 млн. теңге бөлінді. Шарт бойынша жоба құны 314 млн. теңге болып белгіленген. Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы келісім-шартқа қол қою рәсімі жүруде. Жоба келер жылға өтпелі. Дегенмен көгілдір отынмен биылғы жылы жабдықтау бойынша мердігер мекемемен келіссөздер жүргізілуде. Біз әкімдік тарапынан тезірек жұмыстың бітуіне мүдделіміз» – деп Серік Сағитжанұлы тұрғындар сауалына жауап берді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
04 қазан 2023 ж. 170 0