Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдың құрылысы қарқынды

Аралдың құрылысы қарқынды

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан орталығындағы жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, олардың бүгінгі жұмыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда Арал қаласында «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 766,8 млн теңге қаржыға жалпы ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында Ж.Тәжімбетов, Төле би, С. Мұқанов, Ә. Жұбаниязов, Ә. Сатаев, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов көшлері бар. Бүгінде аталған көшелердің тегістеу жұмыстары жүргізіліп, астыңғы қабаты көтеріліп, қиыршық тас төгілуде. Құрылыс басына арнайы барып, жоспарланған жұмыстардың барысын көрген аудан әкімі аталған нысандарды сапалы әрі уақытылы бітіруді тапсырды.
Мұнан соң аудан басшысы «Жалаңтөс баһадүр» алаңын абаттандыру бойынша жұмыстардың жай-жапсарын бағамдады. Бұл жоба 2022 жылы облыстық бюджеттің қаржыландырумен басталды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының басым бөлігі жүзеге асқан. Демалыс орнына қажетті жабдықтар толығымен жеткізілген. Жақын күндері ел игілігіне беру көзделуде.
Аудан орталығындағы тағы бір қызу құрылыс жүргізіл жатқан демалыс орнының бірі - Балықшылар аллеясы. Аталған нысан 2022 жылы басталып, бөлінген қаржыға «Балықшылар монументі», су бұрқақ, балықшылар тақтасы жасалынған. Бүгінде мұнда жаяу жүргіншілер жолы мен түнгі жарық шамдар қойылып, шамшырақ(маяк) орнату жұмыстары жүргізілуде. Тиісінше бұл жерде Аралдықтардың серуендеп, демалатын орталығына айналмақ.
Қаладағы тағы бір қарқынды құрылыс Арал қаласындағы Д.Нұрпейісова, Қ.Оразалиев, А.Мархабаев көшелерінде жүруде. Мұнда "Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасының аясында республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналып 50 пәтерлі 25 үй тұрғызылуда. Жергілікті мердігер мекемелермен жүргізіліп жатқан құрылыс нысанына аудан әкімі барып, қазіргі жай-күйімен танысты. Өз кезегінде Серік Сағитжанұлы баспана құрылысын сапалы салуды, кемшіліктерге жол бермеуді жауапты бөлім мен мердігер мекемеге жүктеді.
Айта кетейік, аудан орталығындағы жүргізіліп жатқан барлық жол мен құрылыс саласындағы жобаларды жергілікті мердігер мекемелер жүзеге асыруда. Сондай-ақ бұл нысандарда аралдық тұрғындар жұмыспен қамтылған.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
09 маусым 2023 ж. 343 0