Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек үздіктері марапатталды

Еңбек үздіктері марапатталды

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында Еңбек күні мерекесінің аясында өткізілген «Еңбек жолы» республикалық байқауында ауданымыздың абыройын қорғап, үздік атанған азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша ауданымыздан 5 үміткер облыстық байқауға қатысып, 1 үміткер республикалық байқаудан үздік атанған болатын.
Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов жүргізіп, марапатталушыларды жеңісімен құттықтады.
«Жылдар өткен сайын экономиканы жандандыру, халықтың әл-ауқатын артуы үшін жастардың бірнеше ұрпағы арасында жоғалып кеткен еңбекке деген құрметті қалпына келтіру, еңбек дәстүрін жаңғырту қажет екендігі ұғыныла бастады. Әсіресе жас ұрпақ арасында еңбек күнін мерекелеу аясында түрші шаралар өткізіліп, атап өтіліп келеді. Соның бірі, билы елімізде «Еңбек жолы» республикалық байқауы басталып, еңбек адамдарын құрметтеуге айрықша мән берілді. Қазіргі таңда, өз жанұямды асыраймын, отбасымды бақуатты өмірге бағыттаймын, өз ісімді қолға аламын деушілерге үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Биылдың өзінде наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Оған қоса, Ел Президентінің бастамасымен ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша ауқымды «Ауыл аманаты» жобасыда жүзеге асырылып, халыққа қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет тарапынан мүмкіндіктер берілуде. Баршаңызды «Еңбек» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне Өздеріңізбен бірге жүзбе-жүз кездесіп, республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінген азаматтарды марапаттаудың сәті түсіп отыр»- деп, ізгі лебізін білдірді.

Одан соң, «Еңбек жолы-2023» Республикалық конкурсында үздік атанған «Спорт Клуб» мекемесінің «Қол күрес» бөлімшесінің жаттықтырушысы Абдраупов Мирамбекке ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Өндірістің үздік жас маманы» дипломы табысталып, облыстық байқауға қатысқан мамандарға Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының «Алғысы» берілді.

Сондай-ақ, жиында әлеуметтік салада 36 жыл еңбек еткен Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Алдамжар Сағындықұлын әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды. Аудан әкімінің орынбасары Бектемір Ұлыбекұлы Алдамжар Сағындықұлын зейнет демалысына шығуымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік саладағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. Одан соң, аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапаттап, қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Өз кезегінде Алдамжар Сағындықұлы аудан әкімінің орынбасарына және бірге қызмет атқарған әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
18 қазан 2023 ж. 240 0