Құтқарушылар құрмет төрінде

– «Егеменді еліміздің дамуы жолында құтқарушылар елеулі үлесін қосып келеді. Құтқарушы мамандығы – жер бетіндегі ең қиын және абыройлы мамандықтардың бірі. Тәуліктің қай кезінде болмасын өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуге дайын тұрады. Сіздер, жанкештілікпен пен батылдық таныта отырып, мәртебелі міндеттеріңізді жоғары дәрежелі кәсібилікпен атқарып келесіздер. Кешегі елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде де өздеріңіздің анттарыңызға адал болып, көптеген көмек көрсеттіңіздер. Бұл әрине көпке үлгі. кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық тілеймін!»-деп лебізін жеткізді.
Шара барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Д.Шәкенге ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хаты табысталды.
Сонымен бірге салтанатты жиында тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы міндетін бұлжытпай орындап, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін аудандық өрт сөндіру бөлімінің бірқатар қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі