Ә. Әйімбетов "Еңбек даңқы" орденімен марапатталды

Осы орайда, Арал ауданының Құрметті азаматы, Ауыл шаруашылғы саласының ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері - Айымбетов Әділбек ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды.
Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, әр жылдары түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Ұзақ жылдар бойы ел дамуы жолында мемлекеттік қызметте аянбай еңбек етіп құрметке кенелген сала ардагері. Бүгінгі күні іскер ұйымдастырушы, ақылшы ұстаз, жаңалық жаршысы ретінде ардагерлердің қоғамдағы ролін арттыруға сүбелі үлес қосуда.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі