Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық аналар «Анаға тағзым» орталығында болды

Аралдық аналар «Анаға тағзым» орталығында болды

Ана-дүниедегі бар тіршіліктің бастау бұлағы. Қайсыбір тіршілік иесі болмасын ананың құрсағын жарып шығып, ең алғаш ананың омырауымен қоректететінін бәрі жақсы біледі. Міне, адамзат баласы да солардың басында тұрады. Есті пенде қай кезде де ананың құдіретіне бас иіп, тағзым етеді. Қазір заман алмасып, буын өзгерсе де ананы ардақтау, оның құдіретін мойындау деген қасиетті де қастерлі ұғымдар өз мәнін жойған жоқ. Осыған байланысты жуырда Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген
 Қызылорда қаласында алғаш рет заманауи əсем ғимарат салынып, «Анаға тағзым» орталығы бой кɵтердi. Аталған орталықтың ішкі көрінісі адамға жайлы жағдай сыйлайтындай етіп көркемделген. Әсем əрленген бɵлмелерi түрлi бағытта жұмыс істеуге ыңғайланған. Әжелер, жас отбасы, психологиялық кеңес беруге тағы басқа бағыт бойынша кабинеттер жасақталған.
17 қараша күнi Арал ауданының 50-ден аса ару аналары "Анаға тағзым" орталығына жолға шықты. Мақсат облыс орталығынан ашылған ерекше орталықтың жұмысымен танысып, қазақы дәстүр бойынша шашу шашу болды. Ұлттық қол ɵнер шеберлерi, ауданның жас кəсiпкерлерi ɵз бұйымдарын апарып барша кɵрермендердi таң қалдарды. Ауданның мекеме басшысы қыз-келiншектерi атсалысуымен əйелдер форумын ұйымдастырылып керемет шара өтті.
Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» орталығында Арал ауданының ашық есiк күнi шарасына Арал ауданының əйелдер форумының жоғары деңгейде ɵтуiне 2020 жылы Ассамблея жанынан құрылған Арал «Аналар кеңесінiң» мүшелерi, аудандық «әйелдер кеңесі» мүшелері, ауданның ардагер аналары Базар Қостаева, Калия Даулетова, Ранай Сатаева жəне ауданның орталықтандырылған кiтапханаларының директоры Жанар Алишева, Зейнолла Шүкiров мəдениет үйiнiң директоры Маруся Нурмаганбетова, қолɵнер шеберi Гулнар Анапияева, ɵзiндiк ұлттық киiмнен брендымен республикамызға танымал шебер, спортшы Айнұр Майханова, балықтан істелетін жайын асып,қарма, қуырған балықпен ɵнерiн кɵрсеткен  кəсiпкерi Гүлнар Бекбосынова сынды жандардың үлесі басым болды.
Аралдық қолөнер шеберлері мен кәсіпкер қыз-келіншектер «Креативті индустрия» көрме алаңында өз туындыларын көпшілікке паш етті. Сондай-ақ, "Мирас" әжелер клубында әжелер ансамблі әсем әннен шашу шашып, ұлттық тағамдарымыз құрт пен жентті дайындау барысымен бөлісті. Нәзік жандылар «Психолог-медиатор» бөлмесінде «Әйел әлемі» атты тренингке қатысып, мамандардан кеңестер алды. «Соworking» кабинетінде аралдық кітапханашылар мен білім саласының ардагер-ұстаздары бала тәрбиесінде ертегі айту мен кітап оқудың маңыздылығына тоқталып, бүлдіршіндермен өзара ой пікір алмасты. «Бойтұмар» қыздар клубында кәсіпкер Анар Жақан смоладан сағат жасаудан шеберлік сағатын өткізді.
Аралдық  әйел-аналар құтты шаңырақтан мол тәжірибе алып, шадыман көңіл-күйде тарқасты.
«Толқын» ақпарат
21 қараша 2023 ж. 537 0