Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім ұясындағы баянды бастама

Білім ұясындағы баянды бастама

Баспасөз саласының қоғамдағы орны бөлек. Айтады, көрсетеді. Содан да шығар, халық бізді ресми түрде төртінші биліктің өкілі деп таниды. Иә, бүгін жарқын жоба, толымды тірліктің тұсау кесеріне қатыстым. Нақтырақ тоқталсам, №220 орта мектебінің директоры Әліби Әбілбаев <<Толқын>> газетімен екіжақты уағдаластық жасап, болашақ журналистерге бағыт-бағдар берудің жолын қарастырды. Рас,біз қаласақ та, қаламасақ та XXI ғасыр ақпарат қарқын алған шақ. Оған ілесу – бүгінгі буынның парызы. Осыны дөп басқан аталмыш білім ұясының басшысы игі іске білек сыбана кірісіп, мектептегі шығармашылық қабілеті ерек оқушыларды жазуға, ойдың кенін қазуға құлшындырды.
Іскерлік деп осыны айт. Тоқсан жылдық тарихы бар басылыммен бірлесе іс қылған тың бастама өміршең болғай. Сіздерге мың рахмет!
Абай ЕЛЕШОВ,
"Толқын" редакциясының бас редакторы
22 желтоқсан 2023 ж. 404 0