Демалыс күндері барлық қызмет қалыпты қызмет жұмыс істеуі тиіс

«Мереке күндері тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар қалыпты жұмыс істеуі тиіс. Бұл үлкен жауапкершілік пен ұдайы бақылауды қажет етеді. Сондықтан мұқият болуды тапсырамын. Қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары өз салаларыңыз бойынша жағдайды күнделікті қадағалаңыздар», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Өңірде азық-түлік тауарларының бағасы, сұйытылған газ, жанар-жағармай, көмір қоры, қысқы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігі, Сырдария өзеніндегі мұз ұстасуы, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу барысы жіті назарда болуы тиіс. Аймақ басшысы осы мәселелер бойынша тиісті тапсырма беріп, қадағалау жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі