Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдос Сарым үкіметті Мамин басқарса қандай өзгерістер болатынын айтты

Айдос Сарым үкіметті Мамин басқарса қандай өзгерістер болатынын айтты

Саясаттанушы Айдос Сарым өзінің Telegram-арнасында премьер-министр Асқар Мамин болса, үкімет жұмысы қалай өзгеретіні жайында пост жазды.
«Премьер министр қызметін атқарушы болып Мамин тағайындалды. Жаңа премьер-министр етіп Елбасы оны ұсынатын шығар.
Бұл не деген сөз? Президент алдағы бір-екі жылға өзінің бағытын айқындап алды. Әлеуметтік бастамалар және әлеуметтік саясат — бұл жаңа министрлер кабинетінің негізгі бағыты болмақ. Ауқымды және кертартпа реформалар жасалмайды. Елбасына тәулік бойы әкімдер мен министрлерді түртпектеп, қузап отыратын қатал басшы керек. Бұл мақсатқа Мамин өте лайық адам. Ол еңбекқор және біршама қатал басшы. Осыдан бұрын айтылған шенеуніктер кешкі алтыда жұмысын аяқтап, үйге қайту керек дегенді ұмыту керек болады.
Президент Маминді ұсынады деген болжам жасасақ, онда оған съездге дейін жаңа үкіметтің кескіндемесін ұсыну керек.
Жаңа кабинеттің басты мақсаты әлеуметтік сала болмақ. Олай болса, бірінші вице-министр әлеуметтік мәселелерді қозғаушы адам болады. Министрлердің басым бөлігі жуырда ғана қызметтеріне кіріскен, сондықтан олар өз орындарында қалады.
Президент аймақтар туралы көп айтты. Ендеше аймақтық саясат пен территориялық даму міндеттерін қамтитын құрылым пайда болатынын болжауға болады.
Тағы бір мәселе ақпарат министрлігіне қатысты. Сарапшылардың көбі мұнымен келіседі, қоғамдық келісім министрлігіне ұқсас құрылым құрылуы мүмкін. Ол саясат блогымен бірлесе реформалар насихатын жүргізіп, қоғамдағы наразылықты басып, шектен шығып бара жатқан әлеуметтік беделшілдікпен күреседі.
Жаңа кабинетті негізінен саясатқа бағытталады, сондықтан саясат жоғары жақта да, төменде де сұранысқа ие болады. Олай болса, барлық министрлер мен әкімдер менеджер мен мықты қызметкерлер емес, саясаткер болуға тиіс.
Жаңа үкіметтің стилі мен ерекшелігі де осы болмақ. Реформалар мен экономикалық ахуал үшін негізгі жауапкершілік пен салмақ әртараптандырылып, үкіметтің мойнына артылатын сыңайлы», — дейді саясаттанушы.
Еске сала кетейік, 21-ші ақпанда мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасап, үкіметтің отставкаға кетуге тиіс екенін айтқан болатын.
Президентің мәлімдемесінен кейін Қазақстан үкіметі отставкаға кетіп, премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқарушы болып, Асқар Мамин тағайындалды.
qaa.kz
22 ақпан 2019 ж. 1 773 0