Сот істері сараланды

Брифинг барысында ҚР Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мөлдір Асанова жыл көлемінде Әдеп жөніндегі уәкіл бойынша атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды атап өтті.
-Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік жүйені дамытудың негізгі айнасы іспеттес. Сол себепті мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру, олардың қызметін халыққа дұрыс насихаттау аса маңызды болып табылады. Бұл ретте Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жүйелі жүргізіліп келеді. Былтыр осы Әдеп жөніндегі уәкілдің жылдық жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге арналған әр түрлі семинар-тренингтер, жиындар, мәдени-спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жарты жылда бір рет мемлекеттік қызметшілерден арнайы сауалнама алынады, - деді Мөлдір Асанова.
Одан әрі қалалық соты әкімшісінің басшысы Нұрила Дүйсенова «Сот кабинеті» электронды сервисі туралы толығырақ баяндап өтті.
-Өздеріңіз білетіндей, Қызылорда қалалық соты жергілікті азаматтардың мәселелері бойынша істермен айналысады. Атап айтқанда, неке және отбасына қатысты даулар, мұрагерлік істер, жер қатынастары, жеке азаматтардың еңбек даулары сынды мәселелер қарастырылады. Қаралатын сот істері «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы жүзеге асырылады. Тиісінше, әрбір азамат электронды цифрлы қолтаңбаны алып, сот кабинетіне тіркелгеннен кейін үйде отырып-ақ аталмыш сот ісі туралы мәліметтерге қол жеткізе алады, - деді Нұрила Дүйсенова.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі