Мектеп асханаларының жай-күйі зерделенді

Осыған орай, бүгін аудан орталығындағы білім беру ұйымдарындағы асханаларға аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов бастаған топ бақылау жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарында білім бөлімі қызметкерлері, депутаттар, арнайы сала мамандары, қоғам белсенділері мен жастар болды.
Зерделеу барысында балаларға әзірленген тамақтың сапасы, асхананың санитарлық тазалығы, тағамдардың күнделікті ас мәзіріне сай берілуі, азық-түлік сертификатының болуы, сондай-ақ, қоймадағы шикі тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексерілді.
Балалардың қауіпсіздігін басты мақсат еткен аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табады.





Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі