Аудандағы білім беру ұйымдарының жай-күйі талқыланды

Кеңейтілген алқа мәжілісіне мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауыл әкімдері, қоғамдық кеңестің төрағасы, ардагерлер мен әйелдер кеңесінің төрағасы, мектептердегі ата-аналар комитетінің төрағалары және білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар қатысты.
Маңыздылығы мол жиынды аудан басшысы ашып, бүгінгі білім беру жүйесінің өзектілігіне тоқталды.
«Қоғамға түйсікті тұлға, мемлекетке жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеу – білім беру жүйесінің аса маңызды міндеті екендігін естен шығаруға болмайды. Сондықтан да, кез-келген елде, қай заманда болмасын, мектеп – қоғам тұрақтылығы мен мемлекет мүддесін қорғау жүйесінің алтын тұғыры болған. Білім беру жүйесінің басы-қасында жүрген әріптестер осыны терең түсініп, тиісті қорытынды жасауға міндетті» - деді.

Мектеп директорларының басқарудағы жаңашылдықтары, ұстаздарының әлеуметтік потенциалдарын көтеру мәселелері жөнінде Сексеуіл кентіндегі №177 орта мектептің директоры Күлайша Сүлейменова пікір білдірді.
Оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы әрі қамқоршылық кеңестің белді мүшесі Төребек Дәрмағанбетов бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, бос уақытын тиімді пайдаланудағы ұтымды тетіктер туралы өз ойын ортаға салды.
Аудан басшысы өз сөзінде «Өмір өзеніне қадам басқан әлемдегі әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазына қарыздар, оны мәңгілік есінде сақтайды. Әркім өз жауапкершілігін жоғары сезініп, бала тәрбиесіндегі өз міндеттерін бұлжытпай орындағанда ғана ұлт үшін ұтымды іс атқаратын боламыз.

Фото: Арал ауданы әкімдігі