Аралдың экологиясын жақсарту басты назарда

Аудан басшысы елдің әлеуметтік әлеуетін арттыруда еселі еңбек етіп жүрген халықаралық қорға алғысын білдірді. Теңіз суының тұздыланып бара жатқанына байланысты ащы суға төзімді, нарыққа бағалы балық түрін өсірудің маңыздылығына тоқталды. Мұнымен қоса, балық қорын көбейту мақсатында тоғанда балық өсіру жобасын жүзеге асыруды бірлесе атқаруға шақырды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі