Мемлекет басшысының негізгі тапсырмалары талқыланды
Ақпан айының 7-і күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасын дамытудың алғышарттары мен өзекті деп танылған мәселелерге қатысты 10 нақты тапсырманы айқындап, халықты әлеуметтік тұрғыда қолдаудың тектіктерін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ӨКҚ жанынан құрылған сарапшылардың қатысуымен ел Президенті атап өткен тапсырмалар талқыланды.
- Өздеріңіз білетіндей, жақында Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар салаларға қатысты ауқымды мәселелерді талқылады. Тиісінше, аталған мәселелердің оңтайлы шешілуіне қатысты нақты тапсырмалар беріліп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың жайын айтты. Соның ішіндегі ең бастысы - әр жыл сайын ішкі жалпы өнімді 6 пайызға тұрақты ұлғайту жөнінде жауапты өкілдікке тапсырма берді. Бұдан бөлек, Президент салық мәселесіне де ерекше көңіл бөлді. Себебі, баршамызға белгілі, елдің экономикалық қарқыны бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы іске асады. Осылайша, салықтың жаңа бір жүйесін тиімді жүргізу арқылы өзіміздің жалпы ішкі өнімді арттырып, кейбір өңірлердің дербес жұмыс жасауына мүмкіншілік жасаймыз. Жыл басындағы жаңа өзгерістер мен саяси науқандар елдің экономикасына оң әсерін береді деп ойлаймыз. Мемлекет басшысы айтқан әрбір тапсырма халық арасында дұрыс талқылануы керек, - деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Философия және әлеуметтік гуманитарлық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев.- Өткен апта еліміз үшін саяси жаңалықтарға толы болды. Мемлекет басшысының төрағасымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, нақты міндеттер айқындалды. Бұл жиын жаңадан құрылған үкіметтің негізгі жұмысының арқауы болады деп сенеміз. Ел Президенті айтқан нақты 10 тапсырма мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды. Соның ішінде аграрлық саланы толыққанды реформалау керектігі де айтылды. Біздің Сыр елі аграрлық салада бұрыннан әлеуеті жоғары. Дегемен, соңғы уақытта орын алған су тапшылығы мәселесі біздің өңірімізді айналып өтпеді. Осыған байланысты Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, көршілес мемлекеттермен келіссөздер жүргізілуде. Әсіресе жерді лазерлік тегістеуден бастап, шаруашылықтың жұмыстарын цифрландыру бағытындағы жұмыстарға да көп көңіл бөлінуде. Аграрлық саланы дамытудың тағы бір тиімді жолы - ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен тәжірибелі мамандарының жобаларын қарастырып, пікірін ескерген жөн, - деді Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, “Тіршілік тынысы” газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникация қызметі