Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел жаңалықтары

Ел жаңалықтары

ЖОО дипломдары базаға енгізілуде
Елімізде 1991 жылдан бастап берілген ЖОО дипломдары электронды базаға енгізілуде.

Бұл жұмыстар 2018 жылдан басталған, 3,5 млн диплом базада бар. Енді кез келген жұмыс беруші арнайы цифрлық қызмет арқылы тексере алады. Осылайша жалған дипломды анықтау мүмкін болады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жалған дипломдарды анықтаудың тетігі іске қосылып жатқанын айтты. Диплом мен құжаттардың жалған екенін біле тұра, сатып алғандар да жауапқа тартылады.

Вейп сатқандар жазаланады

Қазақстанда вейптерді сатуға толық тыйым салу жоспарлануда. Осыған байланысты Қылмыстық кодексте 301-1 бап пайда болады. Жаза түрлерін Мәжіліс депутаттары ұсынды.

Темекі бұйымдарын, электронды вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатқаны және таратқаны үшін 301-1 баптың 1-бөлігі бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл не болмаса 200 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза көзделеді немесе 50 тәулікке қамауға алынады.

Сондай-ақ 2-бөлігіне сәйкес вейптерді әкелгені және өндіргені үшін 2000 АЕК көлемінде айыппұл салуға болмаса 600 сағат қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе мүлікті тәркілеумен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Аталған баптың 3-бөлімі бойынша қылмыстық топтың бірнеше рет заң бұзушылық жасағаны және аса ірі мөлшерде табыс тапқан жағдайда 5000 АЕК мөлшерде айыппұл салу не 1200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе мүлікті тәркілей отырып 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.

Қазақстанда қанша мұнай қоры бар?
Қазақстанның әр өңірінде мұнай өндіріліп жатқан 289 кен орны бар. Бұл кен орындарынан алынатын мұнайдың қоры 4,38 млрд тоннаға бағаланып отыр.

Energy Monitor телеграм арнасының мәліметіне сүйенсек, мұнай қорының басым бөлігі батыс өңірлердегі кен орындарының қойнауында жатыр. Қазір бұл өңірдегі «Теңіз», «Қашаған» секілді ірі кен орындары шетел инвесторларымен бірге игерілуде. Атырау облысындағы осындай және өзге де кен орындарынан өндірілетін 3,2 млрд тонна «қара алтын» бар. Бұл елімізде өндірілуі тиіс мұнай қорының 73 пайызын құрайды. Ал Қызылорда облысында 0,12 млрд тонна «қара алтын» бар деп есептеледі.

«СБ» ақпарат
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: qazaqstan.tv/news
15 ақпан 2024 ж. 354 0