Құрмет көрсетілді

Осы ретте бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында күннің ыстығы мен суығына төзіп, қолайсыз ауа-райында да қала аумағының тазалығында жауапты қызмет атқарып жүрген бір топ әйелдер қауымына ыстық ықыласын білдіріп, сый – құрмет көрсетті.
Аудан басшысы еңбек адамының қашанда еңсесі биік екенін тілге тиек етіп, бүгінгі қоғам өміріне салмақты үлесін қосып жүрген нәзік жандылардың еңбектеріне риясыз алғысын білдірді.


"Толқын" ақпарат