Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттың батасы қабыл

Қарттың батасы қабыл

Қазақта «қарттың батасы қабыл» деген тәмсіл бар. Қазыналы қартын сыйлаған ұлттың ұрпағы тәлімі мол тәмсілден өнеге алып келеді. 8 наурыз– Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында да осы бір дәстүр тағы бір бой көрсетті. Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрбол Әбдіразақ, бөлім бастығының орынбасарлары Жеңіс Карибаев пен Айгүл Байоразовалар ауданымыздың ең ұзақ жасаған тұрғындары Жоңай Таңымбетова мен Тәжігүл Еңсепова кейуаналарға құрмет көрсетіп, шаңырақтарында болып, арнайы құттықтап қайтты.
Қос ғасырдың, үш дәуірдің куәгерлері аталған азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ, қилы дәуірдің куәгерлері ендігі жерде тәуелсіз Қазақстанда әрдайым бейбітшілік болып, Алла тағаладан қиын-қыстау кезеңдердің қайтып келмеуін сұрап, құттықтаушыларға ақ батасын беріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

Оңталап ЖОЛДАСОВ.
11 наурыз 2019 ж. 1 138 0