Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке күні ауданда 2 қыз бала дүниеге келді

Мереке күні ауданда 2 қыз бала дүниеге келді

8 наурыз  - Халықаралық әйелдер күні мерекесінде Аралда 2 қыз бала дүние есігін ашты.
Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов аудандық көпбейінді орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесіне барып,  сәбилердің аналарын құттықтап,сый-сияпат табыс етті.
Сондай-ақ, өмірге перзент әкелген ардақты аналарға зор денсаулық тілеп, сәбилердің аман-сау боп, елдің айтулы азаматшалары болып өсуіне тілектестігін білдірді.
Өз кезегінде жас аналар да  ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді.

"Толқын" ақпарат
09 наурыз 2024 ж. 327 0