Назарбаев: Халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді

Съезд барысында «Нұр Отан» партиясының ел дамуындағы маңызды рөліне тоқталған Елбасы мемлекеттің қуаттылығы халықтың тұрмысымен өлшенетініне назар аударды.
– Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен, тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан мен өзіме сенім артқан халқымды болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді, – Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Съездің маңызы туралы айтты.
– Бас партия болу деген басқару емес, елге адал қызмет ету болып саналады. Біз халық бірлігінің партиясымыз. Бүгінгі Съезд Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңінен жол ашып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезі өтуде. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 2000-нан астам делегат қатысуда. Съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданып, алдағы бағыт-бағдары айқындалады деп жоспарлануда.