4 сәуір күні әлемде және Қазақстанда не болды?

4 СӘУІРДЕ ӘЛЕМДЕ БОЛҒАН ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР
1919 жылы Италияда Рим-Неаполь бағыты бойынша дирижабльдегі жолаушылар әуе желісі ашылды.
1973 жылы Нью-Йоркте (Манхэттен) Дүниежүзілік сауда орталығының ашылуы болды.
1975 жылы Таншоннят түбінде C-5 ұшағы апатқа ұшырады. 155 адам қаза тапқан, олардың көбі – балалар.
1983 жылы «Челленджер» америкалық ғарыш қайығы алғаш рет ұшырылды.
4 СӘУІРДЕ ҚАЗАҚСТАНДА БОЛҒАН ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР
1861 жылы Коряковская станциясы Павлодар деп аталып, қала мәртебесіне ие болды.
1992 жылы Алматы қаласында ТМД елдерінің мемлекеттік қауіпсіздік және барлау органдары арасында ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойылды.
1994 жылы «Қазақстан телеарнасы және радиосы» республикалық корпорациясы құрылған.
2012 жылы Нұр-Сұлтанда еңбек дауының алдын алу туралы меморандум қабылданды.
4 СӘУІРДЕ ҚАЗАҚСТАНДА КІМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ?
1937 жылы жазушы, аудармашы, түрколог ғалым, филология ғылымдарының докторы Немат Келімбетов дүниеге келді.
1958 жылы «Қазақфильм» актрисасы, «Киноактер» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Жанна Қуанышева дүниеге келді. «Тоғысқан тағдырлар» және «Шегіртке» телехикаяларындағы рөлімен жұртшылыққа танылған.
1974 жылы боксшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионаттары мен олимпиада жеңімпазы Василий Жиров дүниеге келді.
1980 жылы Сидней олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттарханов дүниеге келді.
1995 жылы суға жүзуден Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин дүниеге келді.
Ақпарат көзі: halyqline.kz
Фото: ашық дереккөз