Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан тобыңыз сіздің мінезіңіз бен ішкі ағзаңыз туралы не дейді?

Қан тобыңыз сіздің мінезіңіз бен ішкі ағзаңыз туралы не дейді?

Сіз қан тобыңызға қарап, сіздің ішкі ағзаңыз бен мінезіңіз жайлы анықтауға болатынын білдіңіз бе? Жалпы адам мен оның ағзасы жайлы сыр беретін 4 түрлі қан тобы бар. Олар: I, II, III және IV. Өз қан тобыңызды білсеңіз, ағзаңызға байланысты түрлі деректерді де біле аласыз. Мәселен,Әр қан тобындағы адамдарға жеуге кеңес берілетін пайдалы тағамдар бар:
1-ші қан тобы: ет, балық және көкөніс. Сүтті тағамдарға көп жоламауға тырысыңыз.
2-ші қан тобы: вегетариандық тағамдар, балық, тауық және йогурт. Ащы тағамдар мен кофеден бас тартыңыз.
3-ші қан тобы: сүт өнімдері, қой еті, балық, көкөністер және шай. Консервіленген тағамдар мен алкогольге жоламасаңыз игі.
4-ші қан тобы: экологиялық таза әрі балғын тағам түрлері. Қуырылған тамақтардан бас тартқаныңыз жөн.
Қан тобына қарап адамның да қандай екенін білсе болады:
2-ші қан тобындағы жандар: көңілшек, жинақы, ұйымшыл, көшбасшы.
3-ші қан тобы: медитативті, икемді, көпшіл, нәтижеге жұмыс істейтін жан.
1-ші қан тобы: епті, пысық, адуынды, ұқыпты, зерделі.
4-ші қан тобы: сабырлы, батыл, еркін ойлы.
Әр қан тобындағы адамдар күйзелістерге қалай жауап береді?
2-ші қан тобы: тым сезімтал, күйзелістен арылуы үшін ұзақ уақыт қажет. Ондай топтағы адамдарға көп су ішуге кеңес беріледі.
3-ші қан тобы: қанша сабырлы болғанымен кей кездері өз-өзін ұстай алмай қалады. Бір ашуланса, айналасын жайпап кетеді. Терең тыныс алу онда жандардың ашуын тарқатады.
1-ші қан тобы: ашулану процестері көбіне тұқым арқылы беріледі. Жағымды нәрсені жиі ойлағаны жөн.
4-ші қан тобы: күйзеліспен жақсы күреседі. Белсенділік пен физикалық қозғалыс күйзелісті жеңуге көмектеседі.
Семіру жолдары:
2-ші қан тобы: ет және қант өнімдерінен денесіне оңай май жинап алады.
3-ші қан тобы: майлы тағамдар мен нанға тез семіреді.
1-ші қан тобы: Уақытылы тамақтанбаудан толып кету қаупі жоғары.
4-ші қан тобы: әрекетсіздіктен денесіне май жиналады.
Резус-фактор:
Резус-фактор (Rh) – қан тобындағы маңызды жүйе. Ол не оң, не теріс болуы мүмкін.
Оң резус-фактордың D-антигені бар, ал теріс түрінде жоқ.
Болашақ ананың резусі оң, ал әкелерде теріс болса, балаға төмендегідей қауіптер төнуі мүмкін:
гемолитикалық ауру - эритроциттердің бұзылуы;
ұрық эритробластозы - ұрықта жетілмеген эритроциттердің өндірілуі.
Алайда медицина дамыған заманда мұндай жағдайлардың алдын алуға болады. Әйел жүктіліктің 28-ші аптасында қанына плазма инъекциясын жасатуы тиіс. Және бұл процесті бала дүниеге келгеннен соң 72 сағат ішінде тағы жасатуы тиіс.
Қан топтарының сәйкес келу-келмеуі:
4-ші қан тобындағылар кез келген топтан қан ала алады. Алайда тек 4-ші қан тобындағы адамға донор болады.
2-ші қан тобы 2-ші және 1-ші қан тобындағы адамдарға қан бере алады, 2-ші және 4-ші топтан ала алады.
3-ші топ 3ші және 1-ші топтан ала алады, 3-ші және 4-ші топқа донор бола алады.
1-ші қан тобындағылар тек 1-ші топтан қан алады, ал барлық топқа донор бола алады.
www.qamshy.kz
01 наурыз 2019 ж. 2 203 0