Аралдықтар «Таза қала» бастамасына жұмыла атсалысты

Мұнан соң шуақты шара өзге жерлердегі демалыс саябақтарында жалғасын тауып, аудан бойынша 1000-ға жуық тал көшеттері Жер-ана төсіне егілді. Сондай-ақ қаланың келбетіне сән кіргізетін жұмыстар қолға алынып, көше бойының аялдамалардың ажары кірді. Барлық ғимараттар өзгеше сипатқа еніп, көктемдей құлпырды.
Акция асында туған жерге деген көптің сүйіспеншілігі аңғарылып, жастар тарапы айналаның ажарлануына біркісідей үлес қосты.
–«Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген қанатты сөз бар. Ықылым заманнан кел жатқан жаңару мен жаңғыру әркез санада тұрса, қала мен ауылдың көркіне сән кіре беретініне сенім мол, – дейді аудандық мәслихат депутаты Шәрбану Жанкүшікова.
Рас, бұл бірдің ғана емес, көптің ойы. Акция барысында үлкен-кішінің рәтті іске деген қызығушылығы қаланың өзге де мөлтек аудандарында көрініс тауып, көшелерде тал егіліп жатты. Көрдік, марқайдық. Иә, тазалық сана тазалығынан басталады. Әрбір туған жер перзенті өсіп-өнген өлкесін көркейтуге теңізге құйған тамшыдай үлес қосса, нұр үстіне нұр бола бермек!
А.ЕЛЕШ